Жамбылдық тұрғынның жатын бөлмесінен 234 грамм героин табылды

Жамбылдық полицейлер героин сатқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

59 жастағы тұрғынның жатын бөлмесінен жалпы салмағы 234 грамм героин табылды. Ол бұған дейін есірткіні заңсыз сақтағаны үшін сотты болған. Енді күдікті облыс аумағында аса ірі көлемде героин сатты деп айыпталып отыр.

Дінмұхамбет Қойториев, облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары:

- ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмысты жасаған адамның мүлкін тәркілеп, он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.