Мемлекет басшысы құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.

«Құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Табиғи және техногендік апаттар дәуірінде сіздердің еңбектеріңіздің мемлекеттік маңызы арта түседі. Биыл ТЖМ қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды. Мемлекет ерен еңбектеріңізді бағалайды. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін!» – делінген құттықтауда.