Елді цифрландырумен тек қазақстандықтар ғана айналысады – Мусин

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Біріншіден, біз өнімді бастапқы кодтарымен бірге аламыз. Бұл конструктордан не жасау керегін біз шешеміз. Екіншіден, серверлер Қазақстанның жерінде және қорғалған контурларда сақталады. Яғни біз Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік талабына сай шетелдіктердің бұл процеске кірісуіне, соның ішінде техникалық сүйемелдеуіне жол бермейтініміз айдан анық» деп жазды министр.

Министр бұл норманы барлық құжаттарда бекітуге дайын екенін мәлімдеп, атқарылатын жұмыс жайлы жиі жазып тұруға уәде берді.