Елордада лаңкестіктен қорғану жолдары талқыланды

Лаңкестікке қарсы іс-қимылды қалай жетілдіру керек? Бұл туралы бүгін елордада «Kazakhstan Security Systems» халықаралық конференциясында талқыланды.

Жиынның өтуіне Қазақстанның терроризмге қарсы орталығы ұйытқы болды. Шараға қатысушылар экстремизмнен төнетін қауіп-қатерге қалай төтеп беруге болады деген сауалға жауап іздеді. Сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған көрмеде қауіпсіздік саласындағы жоғары технологиялардың отандық және шетелдік өнімдері таныстырылды. Оның ішінде қорғаныш құралдары, бейнебақылау камералары, дабыл қағу жүйесі, биометриялық сәйкестендіру деректерін қашықтан анықтай алатын құрылғылар бар.