ШҚО тұрғындары қайтадан вакцина салғызуға дайындалып жатыр

Шығыс Қазақстан вакциналау бойынша елімізде алғашқы орында. Облыста 800 мыңнан астам адам толық екпе алды. Енді қайта екпе егу шарасына дайындық жүріп жатыр.

Ең алдымен қайта вакциналау тізіміне  медицина саласы мен күштік құрылым қызметкерлері ілігеді. Маңыздысы, екпені салдырмас бұрын «Sputnik V» екпесін алғандар үшін 9 ай өтуі керек. Инактивті вакцина алғандар жарты жылдан соң ғана қайта екпе салдыруы тиіс. Айтпақшы, өлкеде вакцинаға байланысты дау көп. Әсіресе әлеуметтік желіде. Кейбіреулер екпе алмаса да оны салғаны туралы хабарлама алып жатса, енді бірі қайтыс болған туыстарының вакцина алғанын біліп, наразылық білдіріп жатыр. Денсаулық басқармасы бұл фактілер бойынша тексеріс жүргізілгенін айтты.

Эльмира Рахимбаева, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Біз мұндай деректерді алдымен өзіміз зерттеп анықтаймыз. Яғни оқиға болған медициналық ұйымға тексеріс жүргіземіз. Егер қандай да бір күдікті жайттар анықталса, бірден полиция департаментіне жолдаймыз.

Сондай-ақ...