Коронавирустан емделіп жатқан 142 адамның жағдайы өте ауыр

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия індетке шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 қарашадағы жағдай бойынша ел өңірлерінде 40950 адам коронавирус инфекциясынан (35586 КВИ+ және 5364 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7401 пациент стационарда, 33 549 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 558 адамның жағдайы ауыр, 142 пациенттің жағдайы өте ауыр, 115 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.