Қостанай облысында рақымшылыққа ілінетін елу адам түрмеден шығады

Биыл Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан елу адам бостандыққа шығады.

Бұл ел тәуелсіздігіне орай аймақта рақымшылыққа ілінетін сотталушылардың үш проценті. Аталған тізімде қоғамға қауіп төндірмейтін ауырлығы орташа және аса ауыр қылмыс жасағандар бар. Ал бес жыл бұрын екі жүз адамның жазасы жеңілдетілген. Бірақ бұдан барлығы түзу жолға түсті деу қате. Үштен бір бөлігі қайта қылмыс жасап, абақтыға қамалған. Жазасы қысқартылатын адам саны бойынша Тобыл өңірі республикада көш соңында. Себебі аймақта орташа түзеу мекемелері жоқ.

Виолетта Нестер, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бас маманы:

- Биыл рақымшылыққа 50 адам ілінеді. Соның оны ауырлығы орташа қылмыс жасағандар. Ал қалғаны ауыр қылмыс үшін жазасын өтеп жатқандар.