Жазушы Сайын Мұратбековтың туғанына 85 жыл

Алматыда белгілі жазушы, мемелекеттік сыйлықтың лауреаты Сайын Мұратбековтың 85 жылдығына арналған еске алу кеші өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Іс-шараға қаламгердің туған-туыстары мен шәкірттері қатысты. Сайын Мұратбеков лирикалық проза жанрын қазақ әдебиетінде жоғары деңгейге көтере білді. Оның шығармаларында адам жаны, психологиясы мен адамзат құндылығы көрініс тапты. Жазушының ең алғашқы шығармасы «Менің қарындасым», «Таңғы шық» әңгімелерінен бастап, оның «Жабайы алма», «Жусан исі» секілді классикалық туындыларын оқырмандар әлі күнге дейін іздеп жүріп оқиды. «Қалың қар», «Өліара» повестері кітап болып шыққан.

Майра Мұратбекова, Сайын Мұратбековтың қарындасы:

– Алматының төрінде ағамыздың 85 жылдығын атап өту біз үшін үлкен мақтаныш. Өзім Талдықорғаннан келіп отырмын. Талдықорғанда да үлкен көлемде атап өтіп жатыр. Ағаның еңбегі жайында жазушылар да естеліктерін айтып жатыр ғой.  Жалпы адами қасиеттерін айтар болсақ, ол кісі өте сыпайы және қарапайым болған. Кішіге аға болып, үлкенге сыйлай білген адам еді.