Елордада таңнан бері елуден астам жол апаты болды

Кейінгі тәулікте елордада 75 жол апаты болды. Оның 51-і таңғы сегіз бен кешкі тоғыз арасында тіркелген. Бір адам зардап шекті.

Жергілікті полиция департаментінің мәліметіне қарағанда Қайым Мұхамедқанов көшесінің бойында Skoda Rapid маркалы көлік пен Mercedes-benz 240C маркалы автомобиль соқтығысқан. Екіншісі аударылып кетіпті. Жүргізушілер дін аман. Апатқа байланысты әкімшілік іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғындарды жолда сақ балуға шақырады. Жүргізушілерге ара қашықтықты сақтап, жылдамдықты асырмауға кеңес береді.

Сондай-ақ...