Ақмолалық меценат ауылға дәрігерлік амбулатория салып берді

Жомарт жан ауылдастарына деген бұл тартуын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арнады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Целиноград ауданының Тасты ауылында ашылған дәрігерлік амбулатория 25 келушіге арналған. Күндізгі стационар 4-8 төсек-орын бар. Амбулаторияда 1 дәрігер, 2 орта медициналық қызметкер, 1 акушер жұмыс істейді. Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші жобасын іске асыру шеңберінде ашылған ауылдық дәрігерлік амбулаторияны салған жергілікті «АКА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Қуанышбек Ахмедин деген азамат.

«Талды ауылының тұрғындары Целиноград ауданының Құрметті азаматы, меценат, «АКА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Қуанышбек Ахмединге осындай сый үшін өте риза», - деді Тасты ауылының тұрғындары.
Айта кетейік, ел астанасынан 56 шақырым қашықтықта орналасқан Талды ауылында тұратын нақты халық саны 1075 адам болса, бекітілген қызмет көрсетілетін халық саны 824 адам.