Жамбыл облысында ойын автоматтарын заңсыз орнатқан тұрғын сотталды

Ойын автоматтарын заңсыз орнатқан ауыл тұрғыны сотталды.

Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент агенттігінің қызметкерлері жедел іздестіру барысында Луговое ауылының 1984 жылы туған тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын анықтады. Тергеу барысында белгілі болғандай, ол азық-түлік дүкеніне 3 ойын құрылғысын қойған. Қазір техника тәркіленді. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша осындай заңсыз бизнес ұйымдастырған 8 іс тіркелген.