Атырауда эпилепсия мен шизофренияға шалдыққан 30 жүргізуші ұсталды  

Ұсталған 16 азамат заңға сай енді көлік тізгіндеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қалған 14-і дәрігерлердің қатаң бақылуына алыныпты. 30 жүргізуші де көлік басқару кезінде адам өміріне қауіп төндіріп, жол ережелерін өрескел бұзған көрінеді. Тіпті эпилепсияға шалдыққан бір жүргізуші жол апатына ұшырап, салдарынан қарсы бағыттағы көлік жүргізушісі қайтыс болған. Ал құзырлы орган қызметкерлері анықталғандардың барлығы ауруға көлік жүргізу куәлігін алған соң шалдыққанын айтып отыр.

Бердібек Жоланов, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:

– Аталған тұлғалар медициналық тексеруден өтудің оң қорытындысын алған. Ол алған тұста бұл кісілер диспансерлік есепте болмаған. Яғни көлік басқару құқығы әр азаматқа 10 жылға беріледі. 10 жылдың ішінде есепке тұрған жағдайда... Мониторинг жүргізіліп отырады. Есепке көлік құралын басқару құқығын алғаннан кейін барып тұрған. Көлік құқығын алу барысында бұл кісілер есепте болмаған.