Еліміздің құтқарушылары туралы патриоттық бағытта видео түсірілді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бастау алған патриоттық флешмобты жалғастырды.

ҚР Президенті Телерадиокешенінің қолдауымен түсірілген бейнеролик әйгілі композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен сүйемелденген. ҚР ТЖМ патриоттық флешмобты ҚР Ішкі істер министрлігінен қабылдап алған, енді оны ҚР Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігі жалғастыруы тиіс.

Айта кетсек, ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР Президентінің Телерадиокешені Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай патриоттық флешмоб бастаған болатын. Эстафетаны Қорғаныс министрлігінен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қабыл алды. Кейін оны ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР ІІМ жалғастырды. Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі патриоттық видео түсіру тізгінін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне тапсырған.