Ғарыш туристері жерге оралды

Олар Байқоңырдан 12 жылдан кейін ұшырылған алғашқы туристер еді, деп хабарлайды Хабар 24.

Халықаралық ғарыш станциясынан жапон туристерін алып қайтқан «Союз МС-20» кемесі жерге аман-есен оралды. Саяхатшылар Жезқазғаннан 150 шақырымдай жерге келіп қонды.

Еске сала кетейік, жапон миллиардері Юсаку Маэд-зава мен оның продюсері Ёзо Хирано ресей ғарышкері Александр Мисуркинмен бірге халықаралық ғарыш станциясына желтоқсанның 8-і күні аттанған. Бұл Байқоңырдан 12 жылдан кейін ұшырылған алғашқы туристер еді. Олар ғарыш станциясында өздерінің әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратты. Саяхатшылар тіпті зерттеуге де қатысты.