Елімізде енді мемлекеттік тілде ақпарат көбейеді

Келер жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға ақпарат мемлекеттік тілде қолжетімді болады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, енді мемлекеттік тілде ақпарат көбейеді. Қазір аудиторияның 80 проценті қазақ тіліндегі мағлұматты оқиды. Бұдан бөлек, ведомства басшысы мемлекеттік органдардың интернет-платформасындағы қазақ тілді ақпараттың сапасына баса назар аударылатынын айтты. Себебі орыс тілінен аударылған ақпардың мазмұны түбегейлі өзгеріп кететінін баса айтты.