Атыраулық дәрігерлер ерекше балаларға сый жасады

Жаңа жыл қарсаңында Атырау қаласындағы №4 қалалық емхана дәрігерлері ерекше балаларға сый жасады, деп хабарлайды Хабар 24.

Әр медбике ертегі кейіпкерінің киімін киіп, «300 кішкентай жүрек» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Балалар ән айтып, би билеп, аяз ата мен ақшақардан сыйлық алды. Карантин талаптарына орай емханаға тіркелген 300-ге жуық баланың бәрі шақырылған жоқ. Алайда олар емдеу мекемесіне келген кезде сыйлығы табыс етіледі.

Гүлстан Тәңірбергенова, №4 қалалық емхана директорының орынбасары:

- Көбісінде сал ауруы диагнозы, миопия, әр түрлі диагноздары бар. Барлығы бүгін сыймағаннан кейін 50 шақтысын шақырдық. Өздерінің алғыстарын айтып кетті. Мұндай шараларды әр мереке сайын өткізіп тұрамыз.