Барыс жылы қандай болуы мүмкін: жұлдыз жорамалшылардың болжамы

Біз отандық және шетелдік жұлдыз жорамалшылардың болжамын саралап көрдік. Әйгілі Нострадамус 2022 жылы жер бетіне астероид соғылатынын және климат жылынып, құрғақшылықтан аштық жайлайтынын жазып қалдырған екен.

Ал қазақстандық сәуегейлердің болжауынша, келер жыл оңды өзгерістер мен сәттіліктерге толы болуы мүмкін. Нумерологтар 2022-дегі сандарды бір біріне қосқанда 6 болады. Бұл жайлылық, үйлесімділік және әдеміліктің белгісі дейді. Халқымыз барысты киелі аңдардың қатарына қосады. Сол себепті оған қақпан құрмаған. Өйткені ол қыран құс самғайтын, басынан қар кетпейтін биік тауларды мекен етеді. Саф ауамен тыныстап, ашқұрсақ жүрсе де өлексені жемейді. Өзі аулаған жануардың ғана етімен қоректенетін бекзаттығын бағалаған. Қырағылығы, айлакерлігі және қайраттылығы тағы бар. 12 жылда бір рет қыста төлдейді. Сол кезде қыс жайлы болатыны да ел аузында айтылып жүр. Қазір елімізде 130 шақты ілбіс бар деп есептеледі.Соның 20-дан астамы Жоңғар Алатауы паркінің аумағында мекен етеді 

Сондай-ақ...