Қарағанды облысында төтенше жағдай режимін бұзған 86 адам ұсталды

Тәртіп сақшылары тіркеуде тұрған 3 аңшы мылтығы мен 1 пневматикалық тапаншаны тәркілеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай кезінде тіркелген қарудың өзін тасымалдауға және алып жүруге болмайды. Сондай-ақ бақылау бекетінде Қазақстан Республикасындағы тіркеу мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен Өзбекстан азаматы ұсталды.

Айта кетейік, қазір тек Қарағанды маңына 8 бақылау-бекеті қойылған. Кірген-шыққан көліктің барлығы жіті тексеріледі. Төтенше жағдай режимін бұзғандарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке қамауға алынады.

Бақытжан Құдияров, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

– Төтенше жағдай жарияланған кезден бастап полиция бөлімдеріне 128 адам жеткізілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476 бабы, яғни, төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 86 құқық бұзушылық анықталды. Қарағанды облысында комендатураның жедел штабы құрылды. Өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен ҚР қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері қызметтің күшейтілген режиміне көшірілді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды