Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзған 43 адам қамауға алынды

Қарағанды облысында өткен тәулікте 13 қылмыс ашылды.

Төтенше жағдай режимін бұзған 43 адам қамауға алынып, 9 тұлғаға айыппұл салынған. Бұған қоса 335 тұрғынға ескерту жасалды. Рейд барысында тәртіп сақшылары тыйым салынған 21 затты тәркілеген. Тінту кезінде тегіс ұңғылы 13 қару табылды. Сондай-ақ 6 ескерткі сақтау фактісі анықталды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қарағанды өңірінде жағдай тұрақты. Қала маңына кіріп-шыққан көлікті тексеретін 8 блокбекет қойылған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, коменданттық сағатты бұзғандар қатарында шет ел азаматтары да бар.

Ерлан Файзуллин, облыс коменданты:

– Төтенше жағдай режимі кезінде полиция бөлімдеріне 5 шетелдік азамат жеткізілді. Оның біреуі төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынса, екеуі көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ал екі азамат сот шешіміне дейін арнайы қабылдағышқа орналастырылды.

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты