Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің басты міндеттерін атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басты міндеттерін атады. Бұл туралы Президент Twitter желісінде жазды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Мемлекеттің басты міндеті – отандастарымыздың игілігі мен тұрмыс сапасын қамтамасыз ету. Әділ бәсекені дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік қолдау шараларының  ашықтығы – жаңа экономикалық бағыттың негізгі қағидалары», - деп жазды ол.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкімет ұлттық валютаның тұрақты бағамын қамтамасыз етуге басымдық беруге тиіс екенін айтты.

«Теңгені бекемдемей және инфляцияны төмендетпей, орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, инвесторлардың сеніміне ие болу мүмкін емес», – деп жазды Тоқаев.