Төтенше жағдайға байланысты мешіттер ашылмайды

Төтенше жағдай жарияланған аумақтарда мешіттер жабық. Сол себепті бүгінгі жұма намазы жамағатпен оқылмайды.

Діни рәсімдер мен жоралғылар өткізуге де уақытша шектеу бар. Қазір Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы қызметкерлерінің 40 проценті онлайн режимге көшкен.

Ағабек Қонарбайұлы, ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі:

– Oсы елдегі жағдайға байланысты тж жарияланған өңірлерде мешіттердің жұмысына шектеу қойылды уақытша. Ал ТЖ алынған БҚО, СҚО, сонымен қатар Павлодар облысындағы мешіттерімізде жұма намаз оқытылады. Бірақ жұма намаз оқу кезінде сақтық шаралары қатаң сақталады. Жалпы жамағаттарымызға осы елдегі жағдайға байланысты тж өңіріндегі ешіттерге келмеуді, өздерінің үйінде құлшылық жасауды сұраймыз.