Алматыда балабақшалар төтенше жағдай аяқталғанға дейін жабық болады

Алматыдағы балабақшалар 20 қаңтарға дейін, яғни төтенше жағдай режимі аяқталғанша жабық болады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева хабарлады.

Қалада мектепке дейінгі 900-дей мекеме бар. Ал мектеп оқушылар отыз бірінші қаңтарға дейін қашықтан оқиды. Осыған қатысты білім ошақтарында колл орталықтар жұмыс істейді. Жоғары оқу орындары мен колледждер аралас түрдегі оқыту жүйесіне көшеді. Іс-тәжірибелік сабақтар дәстүрлі түрде өтеді. Ал дәрісті студенттер онлайн тыңдайтын болады.