Еуропа ғалымдары көзді ашытпайтын пияз түрін өсіріп шығарды

Еуропада адамның көзін жасауратпайтын пияз сұрпы бар. Технолог ғалымдар оны жасауға 24 жылын сарп етіпті.

Кеткен ақша да әжепәуір - 5 миллион доллар. Жаңа пияз Ұлыбритания дүкендерінде келесі аптада пайда болады. Бұл біреулерге ұнағанымен біреулерге ұнамай тұр. Өйткені бағасы сарымсақ, жуадан жоғары. Тіпті кәдімгі пияздан 3 есе қымбат.

Кэти Брайсон, блогер:

- Егер пиязды көп мөлшерде тұтынатын болсам, онда ойланып көруге болар еді. Оның бәрін тазалап біткенше көзден көз қалмайды ғой. Бірақ менің бюджетім шектеулі. Сондықтан 3 есе көп төлеуге дайын емеспін.