Биыл елімізде 1432 адам өзін өзі оқшаулау режимін бұзды

Елімізде жыл басынан бері өзін өзі оқшаулау режимін бұзған 1432 адам анықталды.

Мұндай мәліметтерді еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Комитет 14 күндік карантинді бұзғаны үшін тұрғындар айыппұл төлейтінін еске салды. Бұл сома биыл 92 мың теңгеге жуықтады. Жалпы жыл басынан бері «қызыл статусы» бар тәртіп бұзушыларға 19 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.