Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді

Атыраулық әйел жасанды ұрықтандыру жолымен сәби сүю мүмкіндігіне ие болды.

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды, деп жазады ATPress.kz.

«Атырау облыстық перинаталдық орталықта 19 қаңтар күні білікті дәрігерлердің қатысуымен жүкті әйелге операция сәтті жасалды. Салмағы 3 келі, 70 грамм ер бала дүниеге келді. Бойы - 51 см. Жүкті әйел орталыққа қағанақ суы кетіп келгендіктен, операция шұғыл түрде жасалған. Қазіргі таңда ана мен сәбидің жағдайы жақсы», - делінген Атырау облыстық перинаталдық орталығының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.