Қоршаған ортаға бір млрд теңгеден астам залал келген – Атырау облысы

Облыстық экология департаменті мамандарының мәліметінше, атмосфералық ауаны ластаушылар қатарында мұнай өңдеу зауыты мен мұнай өндіруші кәсіпорындар бар, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Сондай-ақ «Тухлая балка», «Квадрат» булану алаңдары мен қатты тұрмыстық қалдықтар алаңы қоршаған ортаны ластаушылар қатарына енген. «Былтыр жоспардан тыс 52 тексеру жүргізілді. Экология заңнамасының талаптарын бұзған 177 дерек анықталды. Қоршаған ортаға келтірілген залалдың көлемі 1 млрд 15 млн 750 мың теңге. Сот шешімімен «SAT Trans Service» ЖШС-нің қалдықтарды басқару кешенінің жұмысы тоқтатылды. «Bazis Constructtion» ЖШС-нің суды уақытша деминерализациялау қондырғысын, «KSS» ЖШС-не қондырғыларды пайдалануға тыйым салынды. Сот шешімдері заңды күшіне енді», – деп мәлім етті департамент басшысы Әлібек Бекмұхаметов.