«Қазақстан халқына» қоры төрт балаға әлемдегі ең қымбат дәріні алып береді

«Қазақстан халқына» қоры алғашқы қайырымдылық жобаларын қаржыландыруды бастады.

Өңірлердегі балаларға арналған реабилитолог-нұсқаушыларды оқыту бойынша «Тұсаукесер» жобасына ақша бөледі. Бұл шамамен 45 миллион теңге. Сондай-ақ әлемдегі ең қымбат Zolgensma деп аталатын дәріге қордан қаржы қарастырылады. Ол жұлын бұлшық етінің атрофиясы бар төрт балаға ауадай қажет.