Украинадағы ахуал: көп ел жанжалдың бейбіт жолмен шешілуін қалайды

Қазір күллі әлем Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа көз тігіп отыр. Көп ел жанжалдың бейбіт жолмен шешілуін қалайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда қазақстандық сарапшылар да пікірлерін ортаға салып жатыр.

Серік Молдағалиев, қазақстандық даму институтының сарапшысы:

– Бұл жерде медиаторлықта емес, барлық мемлекеттер осы жағдай бойынша қазіргі таңда осы екі мемлекетті татуластыруға және бейбіт шешімге келуге бүкіл іс-әрекеттерін жасап жатыр деп айтуға болады. Біздің мемлекет қазіргі таңда барлық әлемдік деңгейде бізде көптеген шаралар өткіздік. ОБСЕ съезін де өткіздік, дін өкілдерінің съездін де өткіздік және көптеген Сирия сұрақтары бойынша да біздер алаң беріп, осы жерге екі тараптан келіп келіссөздер жүргізген.