Елде соңғы екі айда 260-тан аса көлік қылмысы тіркелді

Оның ішінде теміржол көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзудың 13 фактісі анықталған.

Салдарынан 7 адам қайтыс болған. Бұл туралы еліміздің бас тергеушісі Санжар Әділов мәлімдеді. Ол 33 студент клубының мүшелерімен кездесті. Ішкі істер министрлігі және Полиция департаментінің қызметкерлері тәжірибелік сабақ өткізіп, болашақ мамандарға қылмыстарды тергеудің қыр-сырымен бөлісті.

Сарықұл Жоланов, көліктегі Полиция департаменті бастығының орынбасары:

– Осы жерде ынтасын білдіріп, жұмысқа орналасамын десе, бос орындар бар. Криминалист, тергеуші лауазымдарына шақырамыз. Әрқашан біздің есігіміз ашық. Сол себепті дайындық өткізіп жатырмыз. Ертең өзімізге білікті маман дайындау үшін.