Е.Біртанов қаржы мониторингі қызметкерлерін айыптады

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елордадағы сот процесі кезінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері жайлы ашық айтты. Оларды фармацевтикалық бизнесті басқаратын белгілі бір адамдардың мүддесі үшін істі бұрмалады деп айыптады. Оның пікірінше, қаржы мониторингі денсаулық сақтауды цифрландыру және пациенттерді дәрімен қамтамасыз етуге ыңғайлы сервисті қосуға қарсылық білдірген. Себебі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік беретін платформаны іске қосу мүдделі адамдар үшін тиімсіз екенін жеткізді Елжан Біртанов. Ол екі жыл ішінде тергеп-тексеру органдарының ешқандай дәлел келтірмегенін атап өтті.