Елімізде 601 мың адам үй кезегінде тұр

Оның 215 мыңы әлеуметтік әлжуаз топ санатында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни көпбалалы отбасылар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, соның ішінде 70 мың азамат ең төменгі күнкөріс деңгейінен де аз табыс табатындар. Демек бұл азаматтардың айлық табысы 36 мың теңгеге де жетпейді. Дәл осы азаматтар баспанаға мұқтаж. Сондықтан мемлекет ең алдымен соларға үй беруге басымдық жасайды. Ал қалған азаматтарға жеңілдетілген несие арқылы және қаржылай мүмкіндігіне байланысты баспана беру көзделген.