15 маусымнан бастап Алакөлге қосымша пойыз қатынай бастайды   

Биыл 15 маусымнан бастап елорда мен Алматыдан Алакөлге баратын қосымша пойыз іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері екі жаңа бағыттың пайда болатынын айтты. «Алматы-2 – Достық» бағыты аптасына үш мәрте жүреді. Ал «НұрСұлтан-1 – Достық» маршруты аптасына 2 рет жолға шығады. Қосалқы рейстер жолаушыларға қолайлы болу үшін және ішкі туризмді дамыту мақсатында іске қосылмақ. Қос бағыттағы теміржол 1 қыркүйекке дейін ашық болады.