Ауылда акушер болмағасын әйелдер Өскеменге сабылуға мәжбүр

Марқакөл ауылындағы перзентхана жаңа құралдармен жабдықталып бір қаарғанға сыңғырлап тұр. Бірақ құралдарды іске жарататын маман-акушер жоқ.

Жүкті әйелдер тәуекел етіп, аудан орталығына немесе Өскеменге сабылады. Бұл мекемеге хирург, кардиолог, реанимотолог –анестезиолог та керек. Ал жыл аралатып келетін жас мамандардың ауылға келгенінен кеткені жылдам.

Марқакөл ауылдық амбулаториясының перзентхана бөлімі жүкті әйелдерге емес, жаңа құралдарға ғана толып тұр. Соңғы үлгідегі жабдықтармен жұмыс істейтін маман болсашы... Гинеколог бар болғанымен акушер жоқ. Кардиолог, анестиозолог тағы тапшы. 

Қарлығаш Мұханова, Марқакөл ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы:

- Әйелдердің босанатын жері кішкене жанды қинайды, әйелдер роддомы бар бізде қыстан бері, перзентханаға құрылғылар әкелінді жағдай жасалынды бірақ акушерлер тапшы. 

Осының білген жас келіншектер босануға қорқақтап, жандарын шүберекке түйіп аудан орталығы Күршімге барады. Кейбірі Өскеменге кетеді. 

Гүлнар Таменова, Марқакөл ауылдық амбулаториясының  меңгерушісі:

- Толғағы кеп қалса, босанайын деп тұрса онда осы жерде босандырамыз, былтыр болған босанған, ал қазір ондай кісілер Күршімге, қалаға барады. Қорқады мына жерде босанғанға, себебі бізде сондай бір жағдай болып қалса бірден операцияға алғанға бізде мамандар жоқ. 

70 адам қызмет ететін амбулаторияға маңайдағы Ақжайлау, Қарашілік, Қарой, Қайнарлы, Мойылды ауылынан науқастар келіп жатады. Бәрі де жақын жерден ем алып, денсаулықтарын түзегісі келеді. Алайда аялдайтын маман табу қиын болып тұр.Мәселен ауылға жас хирург келгенімен «мұнда операциялар саны аз, қарайып қаламын» деп тайып тұрған. Осылайша ешкімнің тұрақтағысы жоқ. Дегенмен, салалық басшылар  қызметкерлер шақыруға үмітті. Ол үшін «қызықтыратын ұсыныстар» да әзірлепті. 

Ернар Есімханов, Күршім аудандық бас дәрігерінің орынбасары:

- Бұл мәселені шешу үшін Семей мемлекеттік медицианлық университетіне бас дәрігер барады. Маман шақыруға. Жұмыс істеуге тартады. Келетін мамандар болса оларға үй беру жағынан. Көтеремақы беруге барлық жағдайлар жасалады. 

Маман болса, жабдық та бар жағдай да жасаймыз дейді басшылар. Мәселен, өткен жылдан бері  амбулатория мамографияны игеріп,ауылдықтарға қызмет көрсетіп келеді. Ал медициналық кадр тапшылығы бүкіл облыста өзекті деуге болады. Өлкеде 300-ден астам салалық дәрігер жетіспейді.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Сондай-ақ...