Елтаңба авторы: Мемлекеттік нышандарды қадірлеуді балабақшадан бастау керек

Мемлекеттік нышандарды қадірлеуді балабақшадан бастау керек.

Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков елорда мектептері мен балабақша басшыларымен кездесуде осылай деді. Рәміздердің 30 жылдығына арналған жиында Елтаңбаны қолдану ережелері де айтылды. Автор рәміз туралы ойын ортаға салды. 

Жандарбек Мәлібеков, Елтаңба авторы:

- Елтаңбамыз шын мәнінде өзінің мағынасы жағынан, философия құрылымы жағынан, біздің қазақ тілі халқымыздың, дәстүрі мен салтын, әлгі ұлы дала мәдениеті дейміз ғой, соның демократиясын, философиясын алып шықты деп ойлаймын. Сондықтан соның қазір 30 жылдығы болды. 30 жыл ішінде біздің рәміздер жұмыс істеп келе жатыр.