Көкпектіде оқушылар сарайы ашылды – ШҚО

Балалар жылы пайдалануға берілген шығармашылық үйі 800-ден астам жеткіншекті қабылдай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқушылар үшін 53 үйірме жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі тегін. 6 жасар Жанерке биыл 1-сыныпқа барады. Даярлық сыныбын бітірген баланың сурет салуға бейімі бар. Қызының бос уақытын тиімді пайдалану үшін анасы оны осында алып келген.

Жадыра Далбина, Көкпекті ауылының тұрғыны:

– Балам осы үйірмеге келеді. Қуаныштымыз, осындай балаларға жағдай жасалып жатқанына. Барлық жағдайы жасалған. Жаңа ғимарат. Қызым сурет салғанды ұнатады.

Ал бұрынғы шығармашылық орталығының ғимараты әбден ескірген еді. Сондықтан жергілікті әкімдік биыл аудан орталығындағы бос тұрған нысандардың бірін қалыпқа келтіріп, осындай әсем сарайға айналдырды. Енді мұнда балалар өнер, спорт және туризм бағыттары бойынша қосымша білім алады.

Асқар Сүлейменов, оқушылар шығармашылығы сарайының директоры:

– Қазір осы кең сарайда балаларды қабылдап жатырмыз. 11 үйірме бізде ақылы түрде жүргізіледі. Домбыра, фортепиано, қобыз. Ал қалған үйірмелердің барлығы бізде тегін. Ал енді 6 мектепте филиалымыз бар. Онда да осы үйірмелер тегін жүргізіледі.

Жалпы аймақта қазір осындай тағы 10 шақты оқушылар сарайы мен 30-дан астам өнер және музыка мектебі бар. Ал оларда 80 мың бала тәлім алып жүр.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Әсем Өтешева, Берік Жобалайұлы

Сондай-ақ...