Дауыс беру учаскелерінде Exit-pool қызметі іске кірісті – Павлодар облысында

Олар дауыс беру орындарында таңдау жасауға келген азаматтар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар тұрғындардан Конституцияға өзгертулер енгізуге қатысты дауыс беруі, ұлты мен жынысы туралы сауал қояды. Жиналған ақпарат құпия сақталады. Еxit-pool қызметінің өкілдері жұмысқа кіріспес бұрын бір апталық оқу курстарынан өткен. Түрлі ұйымдардың мамандары референдум күні атқарылатын іс-қимыл әдістемесі, ережелер мен қағидаттармен танысты. Айта кетейік, бүгін Павлодар облысында 528 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Облыста 500 мыңнан астам дауыс беруші бар.

Гауһар Күшпесова, қоғамдық бірлестік мүшесі:

– Дауыс берушілердің көңіл-күйі жақсы. Әсіресе учаске ашылған кезде халықтың белсенділігі байқалды. Сұрақтарыма қуана жауап беріп жатыр. Павлодарлықтар Конституцияға өзгертулер енгізуді қолдап, азаматтық позицияларын ашық білдіруде.