Атырау тұрғыны үш милиион теңге қарызы бар көлік сатып алған

Атырау қаласының тұрғыны 3 млн теңгеге жуық айыппұлы бар автокөлікті сатып алған. Грузия елінде тіркелген темір тұлпардың 106 рет жол ережесін бұзғаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал «Toyota Highlander» автокөлігінінің иесі мұны жол полициясы тоқтатқанда бір-ақ білген. Ол көлікті тек 2-3 күн бұрын ғана сатып алғанын айтқан. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, көлік арнаулы тұраққа қойылды. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Мейірім Ердәулет, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– Айыппұлдары толықтай өтелгеннен кейін ғана босатылатын болады. Жалпы жыл басынан бері Атырау облысында 2570 заңбұзушылық тіркелді. Жол ережелеріне қатысты бұл шетелдік автокөліктермен жасалған және Атырау полицейлері қандай да бір көлікті сатып алмас бұрын алдымен әкімшілік полиция басқармасына ол көліктің құжаттарын, сондай-ақ оның айыппұлдары бар-жоғын тексертіп алғаннан кейін барып алуды ескертеді.