Қазақстандықтардың артық салмақ жинауына қарапайым азық-түлік түрлері себеп болуда

Ал ара-тұра жоғалып кететін қанттың денсаулыққа зиянды тұсы көп болғанымен қант қосылған шәй мен кофеден ешкімнің бас тартпайтыны белгілі болды.

«Денсаулық» ұлттық қауымдастығы жүргізген зерттеу нәтижесі осындай. Олар 50 күн бойы қазақстандықтардың тамақтануы жөнінде зерттеу жасаған. Сауалнама Алматыдағы 60 мыңға жуық адам тіркелген емханада  жүргізілді. Одан бөлек жұрт күріш, картоп және макарон өнімдеріне де құмар екен. Яғни жастар жағы фастфуд жеп, газдалған сусын ішсе, егде адамдар макарон өнімдерін қалайды. Олардың да құрамында көмірсулар көп. Бірақ оған қарап жатқан халық жоқ. Ал бұл азық-түлік түрлерін мөлшерден тыс тұтынсаңыз арты семіздікке әкеледі. 

Данил Бектұрғанов, сарапшы:

- Артық дене салмағының индексі жасқа қарай артады.18-26 жас аралығында 22 процентке өсті. 50 жастан асқанда 62-64 процентке  дейін көбейеді. Ал 50 жастан бастап жұқпалы емес ауруларға шалдыға бастайды. Көбінесе қан қысымы көтеріліп кетеді. Сондай-ақ 50-63 жас аралығындағы және одан жоғары жастағы адамдар созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне тап болады.