Алматыда көлік көбейіп, ауаны ластап жатыр. LIVE

Соңғы 10 жылда Алматы халқының саны жарты миллионға көбейді. Сәйкесінше, қаланың инфрақұрылымына жүктеме айтарлықтай өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, көлік саны артып, ауаның ластану көрсеткіші жоғарылаған, сондай-ақ, тұрмыстық қалдық көлемі көбейген. Халық санының өсуі мегаполистің дамуына қалай әсер етпек? Алматы үшін ең түйткілді мәселе – экологияның жағдайы нешік? Осы жөнінде арна тілшісі Гүлжан Көленқызы, тікелей байланысқа шығып, мамандарды сөзге тартты.