Үшарал әуежайы қашан ашылады?

«Жетісу облысындағы Үшарал әуежайы шілде айының соңғы он күндігінде пайдалануға беріледі. Ұшу-қону алаңын жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қазір нысан қоршалып жатыр. Әуежай осы айдың соңында ұшақ қабылдай бастайды», - дейді мамандар.

Жетісудың інжу-маржаны саналатын Алакөлге жазғы шомылу маусымы кезінде күніне 8 рет ұшақ қатынайды. Әуе кемелері «Нұр Сұлтан – Үшарал», «Алматы – Үшарал», «Талдықорған – Үшарал», «Алматы – Үшарал – Зайсан» бағыты бойынша жолаушы тасымалдайды. Осылайша Алакөл жағалауына күніне 500 адамның әуе жолдары арқылы келіп кетуіне мүмкіндік жасалып отыр.