Қазақстанда келесі айда COVID-19 ауруының тәуліктік өсімі 4 мың адамға жетуі мүмкін

Мұндай болжамды елдің бас санитарлық дәрігері айтты. Айжан Есмағамбетованың мәліметінше, өткен аптада вирус жұқтырғандар саны екі жарым есе өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір тәулік ішінде ауырғандардың 70 проценті Нұр-Сұлтан мен Алматыда тіркеліп жатыр.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Қаңтарда вирус болмады деп айту дұрыс емес. Ол кезде де індет жұқтырғандар көп тіркелді. Жүктеме ауыр болды, дегенмен 2020 жылдың маусымындағы жағдай байқалмады. Егер індет қайта өршісе емдеу тәсілі өзгерген жоқ. Алдағы болжам көңіл көншітпейді. Дегенмен әр азамат өз денсаулығы үшін сақ болуы керек.