Қостанайда ауыз су қымбаттайды

Тұрғындар үшін бір текше метр судың бағасы 9 теңгеге, ал бизнес пен бюджеттік ұйымдар үшін 46 теңгеге көтеріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа тариф бірінші тамыздан бастап күшіне енеді. Бастапқыда коммуналшылар бағаны қырық процентке ұлғайтпақ болған. Олар бұл әрекетін шаһардағы тозығы жеткен құбырларды ауыстыру, жөндеуге жұмсалатын шығындармен байланыстырды. Бірақ табиғи монополияларды реттеу департаменті,,, тиісті сараптама тағайындап, бұл ұсынысты негізсіз деп тапты.