Е.Тоғжанов туристік аймақтардағы қоқыс мәселесін шұғыл шешуді тапсырды

Биыл елде саяхатшылар саны біршама өсті. Бір Бурабайдың өзінде 2 есеге артқан. Яғни 550 мың адам демалған. Ал былтырғы есеп 300 мыңдай болатын.

Алматы тау кластері ұлттық парктеріне келушілер саны да 50%-ке артқан. «Шымбұлақ» тау курорты туристерінің саны да екі есеге өскен. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов туризм бойынша кеңесте осы мәселені айтты. Енді тазалық сақтауда қиындықтар туындап отыр. Бурабай, Алакөл, Имантау-Шалқар курорттық аймақтарында, Алматы өңірінің ұлттық парктерінде, Маңғыстауда қоқыс контейнерлері жетіспейді. Ералы Тоғжанов жиында осы мәселені оңтайлы шешуді және сервис сапасын арттыру әрі туристердің шағымдары мен ұсыныстарын қарастыруды цифрландыруды тапсырды. Туристердің қауіпсіздігі мәселелеріне де ерекше назар аударды.