Жалған қаржы компаниялары YouTube-те қазақстандықтарды алдап жатыр

Еуропаға мұнай мен газ экспортынан жоғары кіріс алуға болады.

Әлеуметтік желілерде газ саласындағы қаржылық платформалар туралы вирустық жарнама таралып жатыр. Энергетика министрлігі мұндай ақпарат жалған және шындыққа жанаспайтыны туралы мәлімдейді.

Қаржы мониторингі агенттігі соңғы кездері жалған қаржылық компаниялардан ақпарат тарату жиілеп кеткенін ескертеді, олар азаматтарды сендіру үшін танымал компаниялар мен банктердің логотиптерін, танымал тұлғалардың есімдерін, жаңалықтар шығатын порталдарды пайдаланады. Осы орайда көрермендерге тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз.