Елімізде құрылыс саласы реформаланады

Енді заңсыз және ешқандай өнім шығармайтын қосалқы мердігерлер мен біліктілігі жоқ компаниялардың қызметіне шектеу қойылмақ. Бұл жөнінде Премьер-министр Әлихан Смайылов өткізген кеңесте айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Үкіметте бұл бағытта заңнамалық түзетулер пакеті дайындалып жатыр. Жаңа нормаларды енгізудің арқасында шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндіктері артады. Сонымен қатар бұл құрылыс көлемін бірдей бөліп жұмыс сапасы мен ашықтықты арттыруға мүмкіндік бермек. Үкімет басшысы кеңесте ұсынылған өзгерістердің негізгі бөлігін қолдап мемлекеттік органдарға әлі де пысықтауды тапсырды.