Елде мемлекеттік сатып алу қолжетімді болуы тиіс

Мемлекеттік сатып алуға қатысты кедергілерді жойып, кәсіпкерлерге мүмкіндік беру керек. Жаңа жүйе әділ әрі қолжетімді болуға тиіс. Жолдау бұған толық жол ашып беріп отыр. Бұл жөнінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік сатып алу кезінде кедергілердің дені екіге бөлінеді. Бірі – жергілікті әкімдік, екіншісі – министрлік деңгейіндегі мәселелер. «Орталықтан шешілген сатып алуға қатысу талаптары мен заңдылықтар бір-біріне қарама-қайшы. Бұл әділетсіздікке алып келеді». Жиында кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Қайрат Айтбай осылай деді.

Қайрат Айтбай, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы:

Екі есе арзан бағаға алып алады. Олар сапасына да, басқасына да қарамайды. Басқа өңірден келіп, алып алады. Келіп алып жұмысты қарық қылып та істемейді. Мысалы, жолды салам деп алған ақшаға, әрине, сапасы төмен болады. Болмаса тігем, жасаймын деген заттардың сапасы төмен болады. Не жол жоқ. Не шығарған зат жоқ. Енді соны Жолдауда нақты көрсетіп отыр. Бәріне мүмкіндік бірдей болсын. Оның бағасы қандай болады сол бағада қатысып, бірақ сапасына да жауап берсін. Ұттың ба, мемлекеттен алдың ба келісімшарт жасадың ба сапасына да бірдей жауап беру керек. Біз сол жағына аса көңіл бөлетін боламыз.