ШҚО-да қорғаныс зауыты жанданады 

Шығыс қазақстан облысында талай жылдан бері қаңырап тұрған бірегей әрі стартегиялық қорғаныс нысанының жұмысы қайта жанданатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақтырақ айтқанда, Алтай ауданы Серебрянск қаласындағы органикалық емес өндіріс зауыты жуық арада қайтадан іске қосылады. Бұл туралы осы ауданнның халқымен жүздесу кезінде облыс әкімі Даниал Ахметов айтты. Аталған зауыт алдағы таңда 100-120 адамды жұмыс орнымен қамтитын болады. Аталған өндіріс орнын қайта дамытуға еліміздегі ірі фармацевтикалық компания қызығушылық танытты. 90-шы жылға дейін бұл зауытта танктер мен бронотехникаға арналған үзгілер, сонымен қатар жалпы әскерилік қорғаныс киімдері өндірілді. Зауытта 2 мың адам жұмыс істеді. Осыдан 22 жыл бұрын өндіріс орны жекеге өткен соң жұмысы тұралап қалған еді. Өткен жылы кәсіпорын қайтадан мемлекетке қайтарылды. Әзірге Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытына арналған​ қорғаныс құралдарын ғана шығарып, амалдап жұмыс істеп тұр. Енді келесі жылы зауыт жұмысы қайта жанданады.