Қостанай облысында тікұшақ паркі жаңарады

Өрт сөндіретін тікұшақ паркі үш есе ұлғайтылады. Бұл туралы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министр Қостанай облысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Үкімет басшысы тікұшақтар паркін жаңарту үшін, қосымша, су қаШыртқы құрылғылар сатып алына-тынын айтты.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

– Тікұшақ техникасының жақын жерден су алып, өртті сөндіруін жеңілдету мақсатында орман алқаптарының жанындағы су қоймаларының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажет. Біз тікұшақтар паркін үш есе ұлғайту үшін қосымша суқашыртқы құрылғыларды сатып аламыз, оларды өрт сөндіру үшін пайдалануға болады. Бұл Қостанай облысын қоса алғанда, барлық өңірлерге қатысты.