Еліміздің солтүстігінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

Бүгін еліміздің солтүстігінде күн салқындап, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Синоптиктердің болжауынша, ел бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Ал оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаң борайды. Солтүстікте, солтүстік-батыста бұршақ күтіледі. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Кей өңірлерде  өрт қаупі сақталады. Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, сонымен қатар Павлодар облысының орталығында, Абай және Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі бар. Сонымен қатар Алматы облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ...