«Ұлы дала жорығы» бәйгесі аяқталды

«Аманат» партиясының қолдауымен елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі аяқталды. 12 күн бұрын Елордада басталған аламан кеше Түркістанда түйінделді. Ұлттық спортты ұлықтап, тақымында тұлпар ойнатқан шабандоздардың жарысын жанкүйер қауым ыстық ықыласпен қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астанада басталған «Ұлы дала жорығы» бәйгесі 12 күнді артқа тастап Түркістанда өз мәресіне жетті. Ұлттық құндылық пен ат өнерін дәріптеген жобаның алғашқы нәтижесі жаман емес. Дүбірлі додаға 19 өңірден 200-ге жуық сәйгүлік қатысты. Әр команда марафон-бәйгеге бес аттан қосып, 600 шақырымнан кейін оларды ауыстырып отырды. Шабандоздар күніне 100 шақырымды бағындырды. Сонысымен көптің ыстық ықыласы мен жоғары бағасына ие болды.

Асхат Оралов AMANAT партиясының атқарушы хатшысы:

– Сайыстың соңғы күні жарыс жолында 4 команда қалды. Командалық есеп бойынша Маңғыстаудың «Көкмойнақ» командасы көшпелі бәйгенің жеңімпазы аттанды. Ұзақ жолға мойымаған шын мықтылар 24 млн теңгенің сертификатын иеленді. Екінші орын Жетісу өңірінің «Жетісу» командасына бұйырды. Оларға 12 млн теңге берілді. Ал Түркістан облысының «Теріскей» командасының шабандоздары 9 млн теңге сыйақыны қанжығаларына байлады.

Нұрсұлтан Тұқымбай, Маңғыстау облысы командасының шабандозы:

– Бәйге барысында қатысушылар демалыс орнымен, азық-түлікпен және қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді. Аламанның басты мақсаты – ұлттық спортты жаңғыртып, халықтың рухын көтеру дейді ұйымдастырушылар.